27.09.2024, 00:30
Оқиғалар
«Бөтелкенің сынығымен ұрған»: Қостанай облысында екі ер адамның арасындағы жанжал өліммен аяқталды
Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болған
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Арқалық қаласында 39 жастағы ер адамның өлімі бойынша полиция «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алау сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицияның мәліметінше, қайтыс болған адам мен күдікті арасында ауызша жанжал шыққан. Соның салдарынан күдікті шыны бөтелкенің сынығымен оның мойнына соққы жасаған.
Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болған.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
