Атырауда екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта бала өте ауыр жағдайда реанимацияда жатыр

Атырауда екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Фото: istockphoto.com

Оқиға 26 қыркүйек күні күндіз «Модерн Сити» тұрғын үй кешенінде болған. Бала өте ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Облыстық балалар ауруханасының емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ержан Есболайдың айтуынша, бала көптеген сынық жарақаттарын алған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

«Терезеден құлап кеткен балаға 2 жас 8 ай толған. Ол бізге сағат 13:00-де жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Баланың көптеген сүйек сынулары тіркелді, жабық бас-ми жарақаты, ми гематомасы, өкпенің көгеруі және қанның жиналуы анықталды. Қазіргі уақытта бала өте ауыр жағдайда реанимацияда жатыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды», - деп мәлімдеді Есболай.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.