БҚО-дағы шенеунік құны 107 млн теңге жерді 100 есе арзанға сатып жіберген

Azattyq Rýhy

Осы әрекеті үшін енді ол 3,6 жыл түрмеде отырады

БҚО-дағы шенеунік құны 107 млн теңге жерді 100 есе арзанға сатып жіберген
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы құны 107,3 млн теңге болатын 46 гектар жерді 100 есе арзанға сатып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы жерге бау-бақша егіп, саяжай салуға рұқсат берген шенеунік оны небары 1,1 млн теңгеге сатқан. Бұл өрескел заң бұзу фактісін Батыс Қазақстан облысының арнайы прокурорлары анықтап, іс қозғаған. Іске қатысты сот отырысы 2024 жылдың 16 қыркүйегінде өткен.

«Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, қылмыстық істі аудандық сотқа жіберген. Сот жер қатынастары бөлімінің басшысын кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды», - деп хабарлайды БҚО-ның прокуратурасы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.