Бір соққыдан 492 жанның демі үзілді - соңғы 20 жылда ең көп адам өлген күннің қасіреті

Темірхан Айжан

Хезболла жасағының нысандарына жасалған шабуылдан 400-ден астам адам қаза тапты 

Бір соққыдан 492 жанның демі үзілді - соңғы 20 жылда ең көп адам өлген күннің қасіреті
Фото: BBC

Израильдің Ливандағы Хезболла жасағының нысандарына жасаған әуе соққыларынан 492 адам қаза тапты, бұл кейінгі 20 жылдағы адам шығыны ең көп болған күн, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.

Мыңдаған отбасы үйлерін тастап босып кетті. Израиль әскерилерә Хезболланың 2006 жылдан бері салған 1300 нысанын жарғанын мәлімдеген. Сондай-ақ Хезболла жасағы Израильдің солтүстігіне 200 ракета ұшырып, одан екі адам жараланған. Жаһандық державалар мұның арты толық масштабты соғысқа айналып кетуі мүмкін екенін біліп, екі жақты сабырға шақырып жатыр.

Ливанның денсаулық сақтау министрлінің дерегінше, Израильдің бомбасынан көз жұмғандар арасында 35 бала, 58 әйел болған, 1645 адам зардап шеккен.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш жағдайдың ушығып бара жатқанынан алаңдаушылық білдіріп, «Ливан тағы бір Газаға айналуы мүмкін» екенін айтты.

Бір жыл бойғы Израиль мен Хезболла арасындағы қақтығыстардан жүзге жуық адам қаза тапты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.