Екі млрд теңге ұрлаған - ҰҚК қылмыстық топтың 50 адамын ұстады

Темірхан Айжан

Олардың құрамында қылмыс және деструктивті діни ортаның өкілдері мен сотталғандар бар

18 қыркүйекте ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Олар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деп күдікке ілінді», - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Қылмыстық топ мүшелері 20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 млрд теңгеден аса мүлікті тонаған.

ҰҚК хабарлағандай, топтың нақты иерархиясы болған және қатысушылардың өз рөлдері болған. Олардың ішінде қылмыс пен деструктивті діни ортаның өкілдері, соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер бар.

Тінту кезінде банк карталары, ірі ақша қаражаты, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.