Ресейде жас жігіт Масляковтың қабіріне қойылған кресті алып тастаған
Ол 3 айға дейін абақтыға жабылуы мүмкін
Ресейде жас жігіт Александр Масляковтың қабірін бүлдірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Mash телеграм каналының жазуынша, 19 жастағы Кирилл К-ден жауап алынып жатыр. Оны есірткіге сараптамадан өткізеді.
«Бейітті қорлаған жас жігітті көрген жолаушылар оған ескерту жасап, әрекетін тоқтатпақ болған. Бірақ Кирил ешкімге құлақ аспаған. Кейін скутеріне мініп қашып кеткісі кеоледі. Оны сол жердегі күзетшілер ұстап алып, полицияға тапсырған. Қазір Масляковтың қабіріне кресі қайта қойылды. Масляковтың отбасы мен қабір әкімшілігі полицияға арыз берді», - деп жазылған телешрам арнада.
Еске салайық, Ресейде КВН-нің негізін қалаған белгілі тұлға Александр Васильевич Масляков 8 қыркүйек күні 82 жасында дүниеден озды.