20.09.2024, 15:30
Оқиғалар
Астанадан Бурабайға барып балық аулағандар табиғатқа 9 млн теңге залал келтірген
Олардың ісін полиция қарап жатыр
Фото: Бурабай ұлттық паркінің баспасөз қызметі
Бурабай ұлттық паркінің инспекторлары Астанадан Жөкей көліне барып, заңсыз балық аулаған браконьерлерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар ерекше қорғалатын орман ішіндегі көлге ау салып, 600 келіден астам балықты заңсыз аулаған.

«Рейд кезінде қолға түскен браконьерлерден жалпы салмағы 640,3 кг болатын 464 балық тәркіленді. Оның 631,6 килосы сазан, 8,7 килосы табан балық. Бұл соңғы 5 жылда «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында тіркелген ең ірі браконьерлік факт. Табиғатқа келген залал 9 132 827 теңгеге тең», - деп хабарлады Ұлттық парктің баспасөз қызметі.
Олардың ісін қазір Біржан сал ауданының полиция бөлімі қарап жатыр.

Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
