19.09.2024, 09:29
Оқиғалар
Солтүстік Қазақстанда үй тапсырмасын орындамаған қызды шешесі пышақтап тастаған
Қазір бала ауыр хәлде жатыр
Фото: istockphoto.com
Солтүстік Қазақстан облысында үй тапсырмасын орындамаған оқушы қызын анасы пышақтап тастаған. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зәкиеваның айтуынша, оқушы қыздың жасы 11-де. Баланың жағдайы ауыр.
«Алдын ала болжам бойынша үй тапсырмасын орындамаған 11 жастағы қызын анасы пышақтап тастаған. Дәрігерлер баланы аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға апарды. Қыздың жағдайы ауыр. Қылмыстық іс қозғалып, комиссия құрылды. Бұл істі аймақтық уәкіл өз бақылауына алды», - деп хабарлады Динара Зәкиева.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)