19.09.2024, 00:30
Оқиғалар
Астанада донер дайындайтын орында жарылыс болған: оқиғаның видеосы тарады
Зардап шеккендер жоқ
Фото: t.me/qr_tjm
Астана қаласындағы Құдайбердіұлы көшесінде донер дайындайтын орыннан өрт шығып, жарылыс болды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түрлі видеолар тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ аталған ақпаратты растап, ресми мәлімет берді.
«Алматы ауданының Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан донер әзірлейтін үй-жайда өрт орын алып, газ-ауа қоспасының тарсылы болды. ТЖМ күштерімен 24 ш.м. алаңда өрт оқшауланды. Жарылыс салдарынан жанына орналасқан көкөніс дүкеніне өрт таралып, екі жеңіл көлік зақымданған», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.
Кейін ТЖМ өрттің толық жойылғанын хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді