17.09.2024, 11:54
Оқиғалар
«Отбасындағы ұрыс-керіс себеп болған»: Арыста әскери қызметші өзін-өзі атып жіберді
Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр
Фото: istockphoto.com
Қорғаныс министрлігінің Арыс қаласындағы әскери бөлімінде келісімшартпен жұмыс істейтін ефрейтор өз басынан өзі атып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл ақпаратты редакцияға қорғаныс министрлігі растады. Дереккөзге сүйенсек, әскери қызметшінің жағдайы ауыр.
«2024 жылдың 16 қыркүйегінде тәуліктік кезекшілікке түскен әскери қызметші мылтықты алып, өз басына өзі оқ атқан. Ол келісімшартпен жұмыс істейтін әскери адам. Алдын ала ақпарат бойынша, ол отбасындағы жанжалға байланысты суицид жасамақ болған. Қазір ол аудандық ауруханада жатыр», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)
15.09.2026, 23:42
Қызылордада хоккей жаттықтырушысы шәкіртін екі жыл бойы қорқытып, зорлап келген (ВИДЕО)