Ербаянды Еуропаның клиникасына апарамыз - сарбаздың анасы

Темірхан Айжан

Анасының айтуынша, сарбаздың жағдайы әлі де нашар 

Ербаянды Еуропаның клиникасына апарамыз - сарбаздың анасы
Фото: скриншот

Әскерде жүріп ауыр халге түскен сарбаз Ербаян Мұхтардың анасы Гүлсім Қамиева ұлының денсаулық жағдайын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Баланың жағдайы әлі де ауыр. Бір-екі күн болды, ұстамасы ұстап қалды. Ақмарал Әлназарова Астана қаласы Қосшы қаласындағы білікті маманмен байланыстырды. Ол кісі қазір баламның денсаулық жағдайын түзеуге көмек беруге және шетелге емдету үшін санавияция жағын ұйымдастырып беруге уәде берді. Енді сол сөзінде тұрса деймін. Ұлттық гвардия балаға тамағын алып беріп отыр», - деді сарбаздың анасы.

Айтуынша, Ербаянды шетелде емдету үшін бірнеше еуропалық клиниканы қарастырып отыр. Алдағы екі аптаның ішінде клиника белгілі болады. 

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында әскери қызметші Ербаян Мұхтар комаға түскен болатын. Әскери бөлімдегілер оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын айтып, бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп түсіндірген. Алайда туыстары бұл нұсқаны қабылдамады. Ербаян бас сүйек-ми жарақатын алған, ол Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің ұлттық гвардиясында қызмет еткен.

Осы уақытқа дейін халық Ербаян Мұхтардың еміне 230 млн теңге жинап берген. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.