17.09.2024, 11:50
Оқиғалар
Атырауда 3 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Бала үлкендердің қарауынсыз қалған
Фото: скриншот
Атырау қаласы Нұрсая шағын ауданында 6 қабатты үйдің 2-қабатынан кішкентай бала құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«16 қыркүйек сағат 20:10-да Атырау қаласы, Нұрсаяда шағын ауданында орналасқан 6 қабаттан тұратын тұрғын үйдің 2 - қабатынан ата-анасының қарауынсыз қалған 2021 жылғы бала терезеден құлағаны жөнінде хабарлама келіп түсті», - деді Атырау облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, қазір бүлдіршін Атырау облыстық балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)