Министр Мәдиев паралимпиадашының ипотекасын жауып, 7 млн теңге берді

Темірхан Айжан

Спортшы 10 жылдан бері халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келеді

Министр Мәдиев паралимпиадашының ипотекасын жауып, 7 млн теңге берді
Фото: sports.kz

Паралимпиадада нысана көздеуден күміс жүлдеге ие болған Еркін Ғаббасовты Цифрлық даму министрлігі құттықтап, сыйлық табыстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз, ол Паралимпиададағы оқ ату бойынша Қазақстанға алғашқы медаль әкелді. Еркін 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келе жатқан білікті маман. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы», - деп жазды ведомстводан.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Еркінді жеке құттықтап, алғыс хатпен және «Үздік цифрландырушы» төс белдігімен марапаттады.

Сонымен қатар, Министрлік оның ипотекалық қарыздарын жабуға көмектесіп, 7 миллион теңгелік сертификатты табыстады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.