31.08.2024, 22:20
Оқиғалар
«Пәтерде қамалып қалған»: Қосшыда үш және бір жасар балалар құтқарылды
ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді
Фото: t.me/qr_tjm
Қосшы қаласында ТЖМ қызметкерлері екі баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, оқиға қалалық көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған 2021 және 2023 жылы туған балақайлар есіктің жабылуына байланысты пәтерде қамалып қалған.
«Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен екінші қабаттағы пәтердің терезесіне кірді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде сәбилер ата-аналарына аман-есен берілді. Балалар зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес», - делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді!
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады