31.08.2024, 20:08
Оқиғалар
ШҚО-дағы «Шығыстүстімет» шахтасында төрт адам қайтыс болды
Оқиғаның мән-жайы анықталуда
Фото: depositphotos.com
Бүгін, 31 тамызда Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыстүстімет» шахтасында төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ТЖД ұсынған мәліметке сүйенсек, олар белгісіз заттан уланған.
«ШҚО Глубокое аудандық ауруханасына тағы бір адам жатқызылды, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиға орнында ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады