$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Адамның 24 бас сүйегін үйінде сақтаған емші ұсталды (ФОТО)

Егер оның кінәсі дәлелденсе, өмір бойына бас бостандығынан айырылады

Адамның 24 бас сүйегін үйінде сақтаған емші ұсталды (ФОТО)
Фото: ВВС/Noeline Nabukenya

Угандада адамның 24 бас сүйегін үйінде сақтаған емші ұсталды. Полиция болжамынша, ол адамдарды құрбандыққа шалуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ВВС хабарлауынша, ұсталған Дамулира Годфридің кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Емші Уганда астанасы Кампаланың маңындағы елді мекенде тұрады. Адамның бас сүйектерінен басқа жануарлардың сүйектері мен терілері де табылды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Дамулира Годфри өзін дәстүрлі емші және шөп дәрігері деп атайды. Алайда, Уганда дәстүрлі емшілер қауымдастығының мүшесі емес.

Айта кетерлігі, бұл елде халықтың басым көпшілігі (шамамен 84%) христиан, ал қалғанының барлығы дерлік (14%) мұсылмандар.

Серіктес жаңалықтары