29.08.2024, 17:00
Оқиғалар
Жамбыл облысында жеңіл көлік пен танк соғысты
Оқиға 28 тамызда болған
Фото: Қорғаныс министрлігі
Жамбыл облысында Mercedes автокөлігі мен Т-72 танкі соғысты. Жеңіл көліктің жүргізушісі жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Апаттың мән-жайы туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
«Гвардиялық гарнизонның «Мәтібұлақ» оқу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mersedes маркалы автомобиль жол қозғалысы ережелерін бұзып, Т-72 танкімен соғысқан. Әскери техниканың қозғалатын жері «танкке жол бер» белгісімен жабдықталған. Оқиға фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде», - деп түсіндірді Қорғаныс министрлігі.
Ведомство жеңіл автокөліктің жүргізушісі жеңіл жарақат алғанын, бірақ ауруханаға жатқызудан бас тартқанын атап өтті.
Қазақстанның 5 облысында әскери техника жүріп өтеді.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды