28.08.2024, 23:43
Оқиғалар
«Бомба туралы хабарлама түсті»: Алматыдағы сауда орталықтарының бірінен адамдар эвакуацияланды
Қазіргі уақытта анонимді хабар таратушы іздестірілуде
Видеодан алынған кадр
Алматыдағы «Aport Mall» сауда орталығына «бомба қойылды» деген хабарлама жалған болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy kris_p_almaty телеграм каналына сілтеме жасап.
Алматы облысының ТЖД электронды поштасына 15:45-те «Aport Mall» сауда орталығына бомба қойылғаны туралы анонимді хабарлама келіп түсті.
«Ғимаратта болған 3,5 мыңнан астам адам шұғыл түрде эвакуацияланды. Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар келіп, барлық орындарды мұқият тексерді. Тексеру 19:20-да аяқталды, ақпарат расталмады», – деп хабарлады полиция.
Терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта анонимді хабар таратушы іздестірілуде.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 07:24
27 маусымға арналған ауа райы болжамы