БҚО-дағы қайғылы апат: дәрігерлер зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты

Azattyq Rýhy

Бұл апатта төрт адам қаза тапқан болатын

БҚО-дағы қайғылы апат: дәрігерлер зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты
Фото: «Уральская неделя»

Жол-көлік оқиғасы 24 тамыз күні 08:20 шамасында Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болды. «ГАЗ-3102» көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол жиегінде тұрған «КамАЗ»-ға соғылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мой город сайтына сілтеме жасап.

Апат салдарынан төрт адам, оның ішінде аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары және оның жұбайы қайтыс болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі — балалар.

10 жастағы ұлды сол күні санавиациямен облыстық көпсалалы ауруханаға жіберді. 8 жастағы ұлды кейінірек Орал қаласына жеткізді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, балалардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала нейрохирургия бөлімшесінде. Оның жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланып отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.