$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда мемлекеттік мүлік заңсыз сатылып кеткен

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ұйымдастырған аукцион заңсыз деп танылды 

Павлодарда мемлекеттік мүлік заңсыз сатылып кеткен
Фото: istockphoto.com

Павлодар қаласының Шығыс өнеркәсіптік аймағында орналасқан жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған 5 орын мен 2 қабатты мүліктік кешен 8,3 млн теңгеге аукционда сатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ұйымдастырған аукцион заңсыз деп танылды.

«Прокурорлық тексеру барысында тағайындалған сараптама кешеннің нақты құны сатылған бағасынан 10 есе артық екенін анықталды. Сот прокурордың талап арызы бойынша сауда-саттық және одан кейінгі сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныды», - деп хабарлайды прокуратура.

Қазіргі уақытта меншік иесінің құқықтарын жою және мүлікті мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

Серіктес жаңалықтары