Елордадағы жаңа үйлердің бірін су басты
Тұрғындар «Астана Су Арнасы» мекемесінен мәселені шешуді талап етіп отыр

Елордадағы «Астана Жұлдызы» тұрғын үй кешенінің тұрғындары үш жылдан бері су құбырларының жиі жарылуынан зардап шегіп келеді. Мәңгілік ел көшесі, 22 мекенжайында орналасқан тұрғын үй кешенінің жертөлесі мен автотұрағы жыл сайын судың астында қалады. Бұл мәселе тек осы тұрғын үй кешеніне ғана емес, сонымен қатар көршілес екі тұрғын үйге де әсер етуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұрғындардың үйлерін су басып жатқан кадрлар әлеуметтік желіде таралды.
Үш тұрғын үй кешенінің тұрғындары бұл жағдайға байланысты наразылықтарын білдіріп отыр. Олардың айтуынша, жауапты органдар, әсіресе «Астана Су Арнасы» мекемесі, осы мәселені шешу үшін ешқандай әрекет жасамай отыр.
«Бұл қанша уақытқа дейін жалғаса бермек? Біз енді шыдай алмаймыз!» - дейді тұрғындар.