27.08.2024, 02:00
Оқиғалар
Қостанайда кәмелетке толмаған есірткі қойып кетуші ұсталды
Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото: Қостанай облысы ПД
17 жастағы жергілікті тұрғынды Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері ұстады. Оның өзімен электрлік таспамен оралған ақ ұнтағы бар 8 zip пакет болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Кәмелетке толмағанның айтуы бойынша, ол бұл заттарды көшеде тауып алған.
Сараптама көрсеткендей, алынған заттың салмағы 3,86 грамм синтетикалық препарат болып табылады.
Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
