24.08.2024, 00:30
Оқиғалар
Жетісу облысында екі жүк көлігі соқтығысып, 16 жеңіл көлік түгі қалмай жанып кетті
Оқиғаның себебі анықталып жатыр
Фото: Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі
Жетісу облысында екі жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан 16 жеңіл көлік түгі қалмай жанып кетті. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 23 тамызда сағат 18:15 шамасында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының 278-шақырымында болды.
«Екі жүк көлігі соғылып, 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған. Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», - деді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр