23.08.2024, 15:25
Оқиғалар
Ұлытау облысында 15 ақбөкенді бауыздаған браконьерлер ұсталды (ВИДЕО)
Олар 44-53 жас аралығындағы көрші облыстың тұрғындары болып шықты
Төрт браконьер Ұлытау ауданының аумағында құрықталды. Полиция қызметкерлері «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторларымен бірлесіп жүргізген рейдте бірнеше адамнан құралған браконьерлік топты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру барысында ұсталғандардан «Урал» маркалы екі мотоцикл, 15 ақбөкен еті, 29 дана кесілген мүйіз, 2 бірлік тегіс ұңғылы қару табылды. Ұсталғандар 44-53 жас аралығындағы көрші облыстың тұрғындары болып шықты.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды