$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада 9 жастағы бала абайсызда темір қоршаудың істігіне аяғына тығып алды (ВИДЕО)

Ол секіріп өтпек болған

Астанада 9 жастағы бала абайсызда темір қоршаудың істігіне аяғына тығып алды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Астанада 9 жастағы бала темір қоршаудан секіріп өтпек болған. Ол темір істікке аяғын тығып, түсе алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елордалық құтқарушылар балаға көмекке келді.

«2015 жылы туған ұл бала темір қоршаудан секірмек болып, аяғын қоршаудың істігіне тесіп, өздігінен түсе алмай қалды. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен аз уақытта зардап шеккен баланың аяғын босатып, оны жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне табыстады», - деп хабарлады ТЖМ.

Баланың халі белгісіз.

ТЖМ күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы еске салады.

Еске салайық, тамыздың басында Алматыда мектеп оқушысының тамағына темір істік кіріп, жансақтау бөліміне түсті. Оған хирургтар 1,5 сағат бойы операция жасап, аман алып қалған

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Астана #бала