«Жедел жәрдем іш киіммен алып келді»: Қазақстандық әнші Алматыдағы қалалық ауруханада жанжал шығарды
Шоу-бизнес өкілі енді сот алдында жауап береді
Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына ұрып-соғу белгілері бар, ішкиіммен ғана жүрген ер адам жеткізілді. Оның қазақстандық шоу-бизнес өкілі Алтынбек Тәшімбетов екені белгілі болды. Бұл ақпарат Kozachkov offside Telegram-арнасында пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жедел жәрдеммен жеткізілген әнші қабылдау бөлмесінде жанжал шығарып, ресепшндегі әйнекті сындырған. Онымен қоймай, кезекші медбикені де балағаттаған. Шоу-бизнес өкілін шақыртуға келген полицейлер сабасына түсірген», - делінген ақпаратта.
Полиция департаменті әнші Алтынбек Тәшімбетовтің әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сот алдында жауап беретінін хабарлады. Оның заңсыз әрекеттері екі бап бойынша рәсімделді - қоғамдық орында мас күйінде пайда болуы (ӘҚБтК 440, ең жоғары жаза - 5 АЕК айыппұл) және медицина қызметкерлеріне құрметсіздік таныту (80-1-баптың 2-бөлігі). Екінші жағдай бойынша әртіс 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.