21.08.2024, 00:30
Оқиғалар
Астанада көшеден ер адамның денесі табылды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото: Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
Астанада көшеден ер адамның денесі табылды. Бұл туралы елордалық Пд баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық ПД мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 18:50-де 102 арнасына Байқоңыр ауданының Янушкевич көшесінде ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен.
Полицияның мәліметтеріне қарағанда, оқиға орнында пышақ жарақатын алған 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
«Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының барысында 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адамның арасында жанжал туып, соңы кісі өлімімен аяқталған. Заттай дәлел ретінде пышақ табылып, қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады