19.08.2024, 17:00
Оқиғалар
Өскеменде жүргізуші бордюрге соғылып, гүлзарға «тұрақтаған» (ВИДЕО)
Ол мас күйде ұсталды
Фото: видеодан скриншот
18 тамызда кешке 30 жастағы жүргізуші көлік құралын басқара алмай, бордюрге соғылып, гүлзарға «тұрақтаған», деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оның масаң күйде көлік басқарғанын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
