19.08.2024, 16:21
Оқиғалар
Пойызда есірткі тасымалдаған шетелдік ұсталды
Новосібір – Бішкек пойызындағы жолаушы Абай облысында қолға түсті
Фото: polisia.kz
Көлік полицейлері есірткі тасымалдаған шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облысының Ауыл станциясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Новосібір – Бішкек бағытындағы жолаушылар пойызында 28 жастағы шетелдік азамат ұсталды.
«Қызметтік-іздестіру иті осы жолаушыға белгі беріп, жеке тінту кезінде одан марихуана табылды. Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот шешімімен күдіктіге 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды», - деп хабарлады ПД.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
