$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркия парламентінің отырысы жаппай төбелеспен аяқталды (ВИДЕО)

Бірнеше депутат, олардың арасында әйелдер де жарақат алды

Түркия парламентінің отырысы жаппай төбелеспен аяқталды (ВИДЕО)
Фото: BILD/видеодан скриншот

Түркия парламентінің отырысы жаппай төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Euronews жазуынша, Кезекті отырыс кезінде депутат, бұрын Кельн неміс футбол клубы үшін қорғаушы позициясында ойнаған аяқдопшы Алпай Озалан «Түркия жұмысшы партиясының» өкілі Ахмед Шикке шабуыл жасады. Озалан Шиктің бетін жұдырықпен ұрып үлгерді, содан кейін оларға басқа парламентшілер жүгіріп, қосылып кетті.

Алпай Озалан - Түркия парламентінде басқарушы «Әділет және даму партиясының» өкілі. Оның Шикпен қақтығысы құқық қорғаушы Жан Аталайға депутаттық мандатты қайтару туралы шешімді талқылау кезінде басталды. Жан Аталай «режимді құлату жөніндегі акциялар мен демонстрацияларға» қатысқаны үшін 18 жылдық түрме жазасын өтеп жатыр, бірақ соған қарамастан ол «Түркияның жұмысшы партиясының» парламенттік сайлауына қатысты.

Озаланның шабуылынан кейін Түркия парламентінің депутаттары шамамен жарты сағат бойы тіресті. Бірнеше депутат, олардың арасында әйелдер де жарақат алды, парламент залының едені қанға боялды.

Қақтығыстан кейін дауыс беру рәсімі өтіп, билеуші партия өкілдері оппозицияның Аталайға мандатты қайтару туралы ұсынысын қабылдамады.

Серіктес жаңалықтары