Нұрлан Қоянбаев трассада сауда жасап тұрған келіншектен 2 тонна қарбыз сатып алды (ВИДЕО)
Продюсер жақсылық жасап, жарысуға шақырды
Белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев челлендж бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін 2 тонна қарбыз сатып алдық! Жақсылық жасап, жарысайық!» - деп, ол оқырмандарын челленджді жалғастыруға шақырды.
Нұрлан Қоянбаев Түркістан қаласына жақын жердегі трассада қарбыз сатып тұрған келіншектен оның бар тауарын сатып алған.
«Толқып кеттім ғой, мұндай ақша алып көрмегенмін ғой», - деп, эмоциясымен бөлісті келіншек.
Челлендж көпшіліктен қолдау тапты.
«Дұрыс, біріңді қазақ бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос, бір-бірімізді бәріміз қолдап жүрсек, барлығы жақсы болады. Қазақты қазақ қолдаса бай, бақытты боламыз! Алмасақ та алғандай болып отырмыз. Нұрлан ағам керемет, одан артық не керек», - деп жазды оқырмандар.