ШҚО-да 47 млн теңгенің малын айдап кеткен барымташылар қолға түсті (ВИДЕО)
Олар етті оңтүстікке сатқан
ШҚО-да 70-тен астам үйден мал ұрлаған барымташылар тобы қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Келтірілген шығын көлемі 47 млн теңгеден асып жығылады. Етті көбіне елдің оңтүстігінде саудалаған. Тәртіп сақшылары қаскөйлерді жедел іздестіру іс-шаралары барысында анықтады.
«Топта төрт күдікті белсенді әрекет еткен. Мал басының бір бөлігі тәркіленді. Тергеу барысында олардың иесіз жылқыларды іздегені, кейін мал ұстау орындарына жеткізіп, ары қарай жүк көліктерімен басқа аймақтағы базарға тасымалданғаны анықталды», - делінген ПД ақпаратында.
Сонымен қатар, ұсталғандардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60-тан астам оқ тәркіленді. Олар бойынша сараптама тағайындалды.
Айыпталушылар соттың санкциясымен қамалды. Тергеу әрекеттері жалғасуда және олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.