13.08.2024, 18:00
Оқиғалар
Оңтүстік Кореядан ұшып келген Ресей азаматы Астана әуежайында ұсталды
Әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: Көліктегі полиция департаменті
Астана әуежайында полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында Ресей Федерациясының 49 жастағы азаматы Инчхон-Астана бағыты бойынша ұшқан рейсте, әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккен.
Ресей азаматы әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған 184 600 теңге (50 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады