13.08.2024, 17:41
Оқиғалар
Алматыда ірі бизнес-орталықтың үшінші қабаты бұзылады
Сонымен қатар, шатыры да заңсыз салынған
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда Мұратбаев көшесі, 63 мекенжайындағы Parasat бизнес орталығының үшінші қабаты мен шатыры сот шешімімен бұзылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, ол заңсыз тұрғызылған.
«Жоспардан тыс тексеруден кейін «Parasat Samex Co LTD» ЖШС иесіне заңсыз салынған құрылыстарды жою туралы ұйғарым берілді, алайда талап орындалмады. Сот басқарманың талап-арызын қанағаттандырып, міндетті түрде сүру керек деп шешті», - делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетсек, өткен жылдың басынан бері Алматыда 44 заңсыз нысан бұзылды.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 13:49
«Қаза тапқан бала 4-сыныпта оқитын қыз еді»: Алматыдағы алапат өрттің куәгерлері қорқынышты түнді еске алды