«Байлап, азаптаған»: Алматы облысында ер адам балаларды зорлады деген күдікке ілінді
Аймақ прокуратурасы аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлады
2024 жылдың ақпанында әлеуметтік желіде жан түршігерлік видео тарады: ер адам балаларды байлап, ұрып-соғып, азаптап, пышақтаған. Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғаны жайлы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысының тұрғыны бірнеше бап бойынша сот алдында жауап береді.
«Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 4-бөлігінің 120-бабы, 126-бабы 2-бөлігі 5,7-тармақшасы, 149-бабы 2-бөлігі, 120-бабы 1-бөлігі бойынша жауап береді. Зерттеу нәтижелері бойынша істі қарау үшін сотқа жіберу туралы мәселе шешіледі», - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
Қалған деректер тергеу мақсатында әзірге құпия.