Бұрынғы әйелін аяусыз өлтірген ер адам Жоғарғы соттан жазасын жеңілдетуді сұраған
Аппеляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырған
Ақтөбе облысында әйелін тұншықтырып өлтіргені үшін 11 жылға сотталған Нұржан Хайруллаев жазасын жеңілдетуді көздеп Жоғарғы сотқа арыз жолдады. Бұл туралы НеМолчи қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл қаңтардың 31-нен ақпанның 1-не қараған түні марқұм Айбану Сағымбаева тұрып жатқан үйге бұрынғы күйеуі келеді. Ол газ плитасына шәйнекті қойып жатқан әйелдің мұрны мен аузын алақанымен басып, демі тоқтағанша күткен. Үш баланың анасын өлтіріп тастаған соң, қаскөй таксиге мініп кетіп қалған. Балалар таңертең оянғанда анасының өлі денесін көрген. 31 мамырда Ақтөбе соты Хайруллаевты 11 жылға соттады. Бірақ ер адам оған көнбей аппеляциялық сотқа шағымданды. Сот шешімді өзгеріссіз қалдырған соң, ол Жоғарғы сотқа арыз жазған.