12.08.2024, 10:45
Оқиғалар
Адам саудасы: түркістандық тұрғын мүгедектігі бар 2 азаматты 400 мың теңгеге сатқан
Жергілікті тұрғын қылмыс үстінде ұсталды
Фото: freepik.com
Түркістан облысында жергілікті тұрғын адам саудасы үшін 400 мың теңге алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүгедектігі бар екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды», - деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.
Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасына қатысы бар-жоқтығын анықтау үшін тексеру жүріп жатыр. Қазір адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жарияланбайды.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады