06.08.2024, 13:47
Оқиғалар
Қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Марат Күштібаев үкімі өзгеріссіз қалды
Ол шағым түсірген еді
Фото: facebook.com/Марат Күштібаев
Қыз зорлады деген күдікпен 11 жылға сотталған Марат Күштібаевқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жетісу облысы сотының апелляциялық сатысының қылмыстық алқасы қыз зорлағаны үшін сотталған бұрынғы жоғары лауазымды полицейге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды», - делінген хабарламада.
Кабинетінде қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев үкіммен келіспей, сотқа апелляциялық шағым түсірген еді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында Талдықорған қалалық соты полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты 11 жылға бас бостандығынан айырған. Ол 27 жастағы қызды зорлағаны үшін айыпталған.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды