Өткен тәулікте республика аумағында 7 жеңіл көлік жанып кетті

Azattyq Rýhy

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ

Өткен тәулікте республика аумағында 7 жеңіл көлік жанып кетті
Фото: t.me/qr_tjm

Өткен тәулікте республика аумағында 7 жеңіл автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Павлодар қаласында көлік өртеніп, жақын тұрған екі автокөлікті де қызыл жалын шарпыған.

Сонымен қатар, Алматы облысындағы Жапек батыр және Жайнақ ауылдарының арасында, Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас ауылында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында, Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында да жеңіл көліктің отқа орану фактісі тіркелген.

Барлық өрттер сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және электр жабдықтарын мерзімді диагностикадан өткізу қажеттігі туралы ескертеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.