Атырауда бір отбасының екі баласы суға батып кетті: қыздың денесі екі күннен соң табылды
Жайық өзеніне батқан қызды іздеу 1-3 тамыз аралығында үздіксіз жүргізілген
Атырауда бір отбасының екі баласы Жайыққа өзеніне батып кеткен еді. Құтқарушылар қыздың денесін екі күннен соң тапты. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, кеше, 3 тамызда сағат 18:53-те 9 жасар қыздың мүрдесі Жайық өзенінен табылған.
Оқиға 1 тамызда Атырау қаласына таяу орналасқан Құрманғазы ауылында болған. Бір отбасы екі баласы күндізгі 14:40 шамасында Жайық өзеніне суға түскен. Өкінішке қарай екеуі де судан кері шықпай, батып кеткен.
Жайық өзеніне батқан қызды іздеу 1-3 тамыз аралығында үздіксіз жүргізілген. Осы күндері сүңгуірлер Жайық өзеніне 20 мәрте түсіп, 12-15 метр тереңге бойлаған. Су астындағы іздестіру аумағы 6 мың шаршы метрден асқан.