02.05.2020, 15:54
Оқиғалар
Алматыда нөсер салдарынан тас жол қақ айырылды
Асфальтта ұзындығы 12-16 метр және ені шамамен 5 см жарық пайда болды
30 сәуір күні, сағат 12-де, Медеу ауданында нөсер жаңбыр салдарынан, Алмалы көшесіндегі жол бөлігі зақымданды, деп хабарлайды Алматы қаласы ТЖД Баспасөз қызметі.
«Оқиға орнына Медеу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, әкімдік, Қазселденқорғау қызметкерлері келді. Асфальтта ұзындығы 12-16 метр және ені шамамен 5 см жарық пайда болғанын анықтады, көліктер мен жаяу жүргіншілердің кіруіне шектеу қою үшін қауіпті жерлер қоршалды, полиция бөлімшелері қызметкерлерінің блоктбекеттер орнатылды. Одан әрі шешімді Медеу ауданының әкімдігі қабылдайды»,- делінген хабарламада .
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
