30.07.2024, 11:36
Оқиғалар
Жыл басынан бері мопед апаттарынан 27 адам қаза тапқан
5 мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған
Фото: depositphotos.com
2024 жылы мопедтердің (скутерлердің) қатысуымен болған апаттан 27 адам қаза тапты. Бұл туралы Үкімет отырысында ІІМ басшысы Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрдің айтуынша, 39 мың жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жасөспірімдер тарапынан заң бұзушылық тіркелгені үшін 202 ата-анаға айыппұл салған.
Мәселенің шешімі – мопед жүргізушілеріне жүргізуші куәлігін алуды және көліктерін тіркеуді міндеттейтін жаңа заң жобасы, деді министр.
«Барлық мопед тіркеледі, содан кейін иелеріне мемлекеттік нөмір беріледі. Жүргізуші куәлігін алу қажет болады. Қазір заң жобасы Сенатта», - деді ол.
Жол қозғалысы ережелерін бұзған 5 мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына жеткізілген.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)