$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында селфи жасаймын деген 16 жастағы қыз өзенге құлап, ағып кетті

Құтқарушылар оны 2 күннен бері іздеп жатыр

Түркістан облысында селфи жасаймын деген 16 жастағы қыз өзенге құлап, ағып кетті
Фото: Түркістан облысы ТЖМ

Түркістан облысында өзенге ағып кеткен 16 жасар қыз табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жас қыз тау өзенінің бойында фотоға түсемін деп тайып жығылып, суға ағып кеткен. Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне 2024 жылғы 28 шілдеде сағат 10:41-де қыз баланың достары хабарласады. Олардың айтуынша, 16 жастағы жасөспірім «Сайрам-Өгем» аумағына Қасқасу ауылынан 15 км қашықтықта Сайрам-су таулы өзенінде фотосессия жасап жүріп, абайсызда жығылып қалған. Содан суға батып кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 37 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 бірлік техникасы, Түркістан облысы полиция департаментінің 6 қызметкері және 3 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары