Жол апатынан мерт болған 18 жастағы жігіт 4 адамды құтқарды
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады
Жол-көлік апатынан қаза тапқан 18 жігіттің ағзалары 4 адамға трансплантталды. Жігіттің туыстары ағза трансплантациясына келісім берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамандар органдарды трансплантациялау бойынша операцияларды 2024 жылғы 25 шілдеде жасады.
«Шымкент қаласының жүрек орталығында 1966 жылы туған науқасқа жол-көлік оқиғанынан мерт болған жігіттің жүрегі трансплантатталды. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 1966 жылы туған науқасқа бауыр трансплантацияланды. Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасында 1984 жылы туған пациентке бүйрек трансплантациясы жасалды, University Medical Center клиникасында 2008 жылы туған балаға екінші бүйрек трансплантацияланды», - деп хабарлады ДСМ.
2023 жылы 7 донор тіркелген, олардың 19 органы трансплантацияланды. Ал жыл басынан бері 5 донордың 19 ағзасы науқастарға берілді.