26.07.2024, 08:58
Оқиғалар
Мас полицей Ақтөбеде ерлі-зайыптыларды көлікпен қағып, мерт қылды
Әуел баста ол оқиға орнынан қашып кеткен
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Ақтөбе облысында 34 жастағы полиция қызметкері мас күйінде көлік айдап, ерлі-зайыптыларды қағып өлтірді. Бұл ақпаратты Azattyq Rýhy тілшісіне Ақтөбе облысының полиция департаменті растады.
Дереккөзге сүйенсек, полиция қызметкері тойдан кейін мас күйінде көлік тізгініне отырған. Рульге ие бола алмаған ол 25 және 26 жастағы екі адамды қағып кеткен. Өкінішке қарай, ерлі-зайыптылар қаза тапқан.
Полиция қызметкері әуел баста оқиға орнынан қашып кетіп, артынан өзі берілген деген ақпарат бар. Қазір жол апатына кінәлі адам қамалып, оның тікелей басшысы болған бірнеше адам жұмысынан қуылғаны белгілі.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
