20.07.2024, 21:39
Оқиғалар
Талдыкөл көлінің аумағында өртенген құрғақ шөп пен қамыс толықтай өшірілді
Қазір қарауылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: istockphoto.com
Талдыкөл көлінің аумағында өртенген құрғақ шөп пен қамыс толықтай өшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша 1500 ш.м. алаңда жойылды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі әлі де анықталып жатыр. Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 33 адам мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Қазір қарауылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
