18.07.2024, 10:47
Оқиғалар
Алматыда мас автобус жүргізушісі жеке үйдің қоршауын соқты (ВИДЕО)
Оны жолаушылар тоқтатты
Алматыда жолаушылар автобусы қатысқан кезекті жол-көлік апаты тіркелді. Оқиға 18 шілде күні таңертең болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін таңертең Алматы қаласының Түрксіб ауданында жол апаты болды. Куәгерлер мас болған автобус жүргізушісін видеоға түсіріп алған.
«Ол әрі қарай жеке үйдің қоршауын басып кіруге тырысты. Жүргізуші мас күйде болды», - дейді видеоның авторы.
Полицияда ЖКО фактісі тіркелді.
«Қоғамдық көліктің қатысуымен болған бұл жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Алматы қаласының Түрксіб ауданында орын алды. ЖКО фактісі тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Апаттың себептері анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
14.04.2026, 10:39
Бет-жүзін кескілеп, адам танымастай еткен: Ақтөбеде 22 жылға сотталған қылмыскер өзін ақтап алмақ болды
14.04.2026, 15:57
«Періштесі қақты»: Ақтөбеде ер адам жүк көліктерінің ортасынан өтіп, аман қалды (ВИДЕО)
14.04.2026, 09:27
Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін ақылы негізде арасына 10 күн салып шексіз емтихан тапсыра алады