Жамбыл облысында 24 келі есірткі тасымалдаған үш тұрғын ұсталды

Azattyq Rýhy

Олар қамауға алынды

Жамбыл облысында полицейлер 24 келіден астам есірткі тасымалдаған Тараз тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Меркі ауданының құмды аумағында 28 жастағы күдікті KIA автокөлігімен Тараз қаласына қарай бара жатқан. Көліктің ішінде облыс орталығының тұрғындары – 24, 26 және 28 жастағы үш жолаушы болған.

«Автокөлікті тексеру кезінде көліктің жүк салатын бөлігінде жалпы салмағы 24 келі 160 грамм кептірілмеген марихуана есірткі заты салынған 4 полипропилен қапшық тәркіленді. Қазіргі уақытта есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталғандар өз кінәларын мойындады, Меркі ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.