$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейдегі орман өртінде қаза тапқан жігіттің отбасына неге жәрдемақы берілмеген - Дүйсенова жауап берді

Семейдегі орман өртінде қаза тапқан жігіттің отбасына неге жәрдемақы берілмеген - Дүйсенова жауап берді
Фото: gov.kz

Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан орманшының отбасына жәрдемақы берілмей келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Семейдегі өрт кезінде қызметте жүріп көз жұмған 27 жастағы Максим Фоминыхтың отбасына бір жыл өтсе де жәрдемақы берілмеген. Үкімет кулуарында журналистер премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеновадан осының себебін сұрады.

«Материалдық көмек көрсеттік. Бұл әр зардап шегушінің қолындағы қорытындысына қарап берілді. Экология министрлігі барлық ақпаратты әзірледі. Бірақ азамат дәл өрттен зардап шекті ма, соған байланысты мәселелер бар. Егер анықталса, біз жәрдемақы төлеуге дайынбыз», - деді Дүйсенова.

Бұған дейін «Обожаю» Youtube арнасында қаза тапқан орманшы жігіттің әкесі алғашқы көмекті алғанын, бірақ әлі күнге уәде берілген жәрдемақыны алмағанын айтқан болатын.

Еске салайық, 2023 жылы маусым айында Абай облысындағы алапат орман өртінен 14 қызметкер қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары