Алматы облысында барымташылардың екі қылмыстық тобы құрықталды

Azattyq Rýhy

Олар бір схемамен мал ұрлаған

Алматы облысында барымташылардың екі қылмыстық тобы құрықталды
Фото: polisia.kz

Жамбыл және Қарасай аудандарының аумағында мал ұрлаған барымташылардың екі қылмыстық тобын Жамбыл аудандық полицейлері анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта мал ұрлығын жасаған бір топқа қатысты сот үкім шығарды. 

«Барымташылар барлық мал ұрлығын бір схемамен жасаған: олар мал қараусыз жайылатын жерлерді әдейі таңдаған. Содан кейін түнде иелерінің жоқтығын пайдаланып, жануарларды еркін жайылымнан жетектеп, көліктерге тиеп алып кетіп отырған. Оларды көрші аудандарға апарып, алдын ала дайындалған жерлерде жасырған. Ұрланған малды жергілікті базарда сатқан», – деп атап өтті Жамбыл АПБ бастығының орынбасары Бейбіт Байзиханов. 

Барымташылардың екінші тобына қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталып, прокурорға жолданды және жақын арада заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.